Нұр-Сұлтан -8.2°
×
02.12.2021, 09:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада қысқы спорт маусымы ашылды

Нұр-Сұлтандағы шаңғы роллер трассасының аумағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған қысқы спорт маусымының туы салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада қысқы спорт маусымы ашылды

Маусымның ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысты.

Әуесқой шаңғы жарысын Самат Ерғалиев ашты, ол қатысушылармен бірге бір километрді жүріп өтті. Сонымен қатар, шара аясында еліміздің 17 қаласымен телекөпір ұйымдастырылды.

«Елімізде қысқы маусымның ашылуы Тұңғыш Президент күні мерекесімен тұспа-тұс келді. Баршаңызды осы айтулы күнмен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Елімізде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Бұл бізді қуантады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Пандемия кезінде денсаулықты нығайту үшін дәл осы бағытты дамыту маңызды», – деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, арқан тарту және белбеу күресі сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Елордада ауа райына қарамастан, жарысқа 600-ге жуық адам жиналды. Ал түрлі санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Отбасымызбен қысқы маусымның ашылуын көруге келдік. Бүгінгі күн райының қолайлы болғанына қарамастан жарыстар санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Іс-шара өте керемет, жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл жарысқа менің немерем қатысады. Барлық қатысушыларға, соның ішінде шаңғы жарысына қатысқан немереме сәттілік тілеймін! Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын», – деді елорда Жанғабыл Күптенов.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері