Нұр-Сұлтан -10.1°
×
30.11.2021, 11:55
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді

2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді. Бұл туралы Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді

Мұндай шешімді қабылдауға "Омикрон" штамының таралуы себеп болды. Спорттық шараның қашан өтетіні әзірге белгісіз

"Африка елдерінен келген спортшылар коронавирусқа байланысты 10 күнге оқшаулануы керек", – деп мәлімдеді Швейцария билігі.

Универсиада 2021 жылдың желтоқсан айында Швейцарияның Люцерн қаласында өткізілуі керек еді. Қатысушылар қатарында Қазақстан студенттер құрамасы да бар. Бұған дейін де қысқы Универсиада 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсанға шегерілген болатын.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері