Нұр-Сұлтан 19.7°
×
30.11.2021, 09:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Месси жетінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды

Аргентина және «ПСЖ» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси 2021 жылдың нәтижесі бойынша "Алтын доп" иегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Месси жетінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды

Париждің "Шатле" театрында өткен марапаттау рәсімінде "ПСЖ" шабуылшысы жылдың ең үздік ойыншысы номинациясында жеңіске жетті. Осылайша Месси карьерасында "Алтын допты" жетінші мәрте иеленіп отыр.

Ол биыл 56 матчта алаңға шығып, 41 гол соққан. Сонымен қатар 17 рет ассист жасады. "Барселонамен" Испания кубогін және ұлттық құрамасымен бірге Америка кубогін жеңіп алды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері