Нұр-Сұлтан -15.8°
×
29.11.2021, 16:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін «Алтын доп» иегері анықталады

2021 жылғы әлемнің үздік футболшысы, France Football журналы табыстайтын «Алтын доптың» иегері бүгін, 29 қараша күні белгілі болады. Марапаттау рәсімі Париждегі «Шатле» театрында өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін «Алтын доп» иегері анықталады

«Алтын доп» 1956 жылдан бері жыл сайын беріледі, ал 2020 жылы салтанатты марапаттау рәсімі коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды. 1956-2006 жылдар аралығында марапатты табыстау футбол журналистері арасында дауыс беру арқылы өтті.

2007 жылдан бастап ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандары дауыс беру құқығына ие болды. Биылғы дауыс беруге 30 үміткер мен 180 журналист қатысады.

2010 жылдан бері «Алтын доп» Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) бірлесе берілсе, 2016 жылдан бастап France Football марапатты бөлек табыстап келеді, ал ФИФА жылдың үздік ойыншысы үшін өз сыйлығын белгіледі.

Ерлер мен әйелдер арасындағы үздік ойыншы жүлдесінен бөлек, Раймон Копа (21 жасқа дейінгі үздік футболшы) және Лев Яшин (жылдың үздік қақпашысы) атындағы жүлделер де табысталады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері