Нұр-Сұлтан -15.3°
×
29.11.2021, 14:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дэвис кубогі: Қазақстанның ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Теннистен 2021 жылғы Дэвис кубогінің ширек финалына шыққан командалар анықталды. Олардың қатарында Қазақстан командасы да бар, деп хабарлады Elorda.info

Дэвис кубогі: Қазақстанның ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Қазақстан командасы B тобында бірінші орын алса, Сербия командасы F тобында екінші орын иеленді. 

Осылайша, Қазақстан мен Сербия арасындағы кездесу 1 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де өтеді. 

Сербия әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. 2010 жылы аталған турнирде жеңіске жетсе, 2013 жылы финалда сынға түсті. 

Команданың ең үздік ойыншысы – «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы Новак Джокович. 

Ширек финалдағы өзге де кездесулер:

29 қараша. Хорватия – Италия

30 қараша. Ұлыбритания – Германия

2 желтоқсан. Ресей – Швеция

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері