Нұр-Сұлтан -15.8°
×
28.11.2021, 14:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық гимнаст әлем чемпионы атанды

Қазақстандық гимнаст Ислам Қабдоллов батуттағы гимнастика бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық гимнаст әлем чемпионы атанды

Бакуде батуттағы гимнастикадан жас топтары арасында 28-ші әлем чемпионаты өтуде.

Қазақстандық гимнаст Ислам Қабдоллов (11-12 жас) акробатикалық жолда секіруден алтын медаль иеленді. Финалда Ислам Ресей, Бельгия, Израиль, Португалия және Оңтүстік Африка елдерінің спортшыларын басып озды.

Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Ислам Қабдоллов 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Альберт Тілепқалиев жетекшілік ететін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері