Нұр-Сұлтан -15.6°
×
27.11.2021, 12:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан құрамасы Франциядан тағы да ойсырай ұтылды

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Франция құрамасынан ірі есеппен жеңілді, деп хабарлады Elorda.info. 

Қазақстан құрамасы Франциядан тағы да ойсырай ұтылды
Фото: kff.kz

 

Француз футболшылары қазақстандықтардың қақпасына жауапсыз алты гол салды. Калоян Петков шәкірттері іріктеуде ұпай еншілей алмай, І тобында соңғы, 5-орында келеді. Ал француздар барлық бес ойында жеңіп, көш бастап тұр. 

Қазақстан құрамасы ӘЧ-2023 іріктеу кезеңіндегі келесі матчын 8 сәуірде өз алаңында Словенияға қарсы өткізеді.  

Франция – Қазақстан 6:0 (4:0)

Голдар: Ассейи (5), Каскарино (9), Катото (24), Периссе (37), Говен (72, пен), Дали (74).

Франция: Пейро-Маньен (қ), Периссе, Тункара (к) (М'Бок Бати, 79), Сиссоко, Баша, Толетти (Гейоро, 60), Бильбо (Матео, 60), Дали, Ассейи, Катото (Говен, 46), Д.Каскарино (Балтимор, 46).

Қазақстан: Саратовцева (қ), А.Садықова (Низамутдинова, 84), Қожахмет, Нұрышева, Бурова, Власова, Тұрлыбекова, Жанатаева, Айтымова, Сатығалиева (Сағатова, 90+2), Көбесова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері