Нұр-Сұлтан -15.6°
×
26.11.2021, 16:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Желаяқтар «Нұр-Сұлтан-Орал» марафонына жолға шықты

Елордада Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері алаңында «Нұр-Сұлтан-Орал» марафоны басталды. Іс-шараны «Астана желаяғы» марафоншылар клубы» ҚБ «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ-мен бірге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Желаяқтар «Нұр-Сұлтан-Орал» марафонына жолға шықты
Фото: astana.gov.kz

Марафон «Nur Otan» партиясының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Марафонның ресми ашылу рәсіміне 6-шы шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, Ұлттық Олимпиада комитетінің спортшылар комиссиясының өкілі, Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев қатысты.

Марафон 8 күнге созылады, жалпы қашықтық 2 021 шақырымды құрайды.

Бағыт Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Орал қалалары арқылы өтеді.

Оған 15 тәжірибелі ультрамарафон жүгірушілері қатысады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ел тарихын және туған жерін қасық қаны қалғанша қорғаған батырлардың ерлігін еске алу және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан замандастарын атап өту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін тәрбиелеуге ықпал ету.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын ашатын символ ретінде Көкшетау қаласының әкімі қабылдап, басқа облыстарға жолдайды.

Бүкіл маршрут бойы спортшылар эстафетаны тапсыра отырып, еліміздің тарихымен және Тәуелсіздігіміздің қалыптасуымен байланысты тарихи маңызды орындарда (ескерткіштер, алаңдар, өлкетану мұражайлары) жергілікті тұрғындармен кездеседі.

Бұл іс-шараларға белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ билік өкілдері қатысады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері