Нұр-Сұлтан -0.8°
25.11.2021, 18:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада шахматан әлем чемпионаты өтеді

25-31 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда жылдам шахматтан (рапид пен блицтен) әлем чемпионаты (FIDE World Rapid and Blitz Championships 2021) өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада шахматан әлем чемпионаты өтеді

Аталған жарыс шахматтан биылғы күнтізбедегі айтулы оқиғаның бірі. Әлемнің 52 елінен 200-ден астам шахматшы келеді деп жоспарланған. Оның ішінде әлем чемпиондары мен вице-чемпиондар, FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) нұсқасы бойынша рейтингі ең жоғары шахматшылар бар.

Сонымен қатар чемпионатқа өз Ұлттық федерациясы атынан ерлер мен әйелдер секцияларындағы қазіргі ел чемпиондары мен әлем чемпионаты тәртібінде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін шахматшылар қатыса алады. Сондай-ақ, Қазақстан шахмат федерациясының қосымша 30 қазақстандық ойыншыны шақыруға айрықша құқығы бар.

Жылдам және блиц шахмат бойынша 2021 жылғы әлем чемпионатының ашық және әйелдер жарыстарының регламентімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері