Нұр-Сұлтан
25.11.2021, 16:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Конференция лигасы: «Қайрат» бүгін «Базельмен» кездеседі

Бүгін, 25 қараша күні UEFA Конференция лигасы топтық сатысында қазақстандық «Қайрат» бесінші ойынын Швейцарияның «Базель» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elorda.Info.

Конференция лигасы: «Қайрат» бүгін «Базельмен» кездеседі

Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Базель» 4:2 есебімен басым түскен болатын. Өз елінде 20 мәрте чемпион атанған «Базель» клубы 1893 жылы құрылған. Аталмыш клуб Еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді.

Кездесу елорда уақытымен 21.30-да басталады. Матчты «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Кездесуде грузиялық Гога Кикачеишвили бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Давит Габисония мен Георгий Эликашвили көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі – Ираклий Квирикашвили.

Айта кетсек, «Қайрат» UEFA Конференция лигасының «H» тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары. Қазір «Қайрат» өз тобында 1 ұпаймен соңғы орында тұр. «Базель» 8 ұпаймен екінші орында келеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері