Нұр-Сұлтан -4.8°
25.11.2021, 15:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада 2004-2005 жылы туған жастағы ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді
Фото: Сұлтан Сейітов

Турнирге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдерден 150-дан астам спортшы қатысады. Сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен де спортшылар қатысады.

Спортшылар келесі жеңіл атлетика түрлері бойынша үздік атағына таласады: жүгіру 60 м, 60 м кедергімен жүгіру, 200 м, 400 м, 800 м, 1 500 м, 3 000 м, 3 000 м спорттық жүріс, ядро ​​лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, эстафеталық 4х200 м, 12 жеке түр + 1 эстафета және 4х200 м аралас эстафета.

Жарыстар 26-27 қараша күндері «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері