Бүгін елордалық «Барыс» өз айдынында нижегородскілік «Торпедоны» қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info.
«Торпедо» кейінгі матчында уфалық «Салават Юлаевты» жеңіп, Батыс конференциясының турнир кестесінде 8-орынға көтерілген. Нұр-Сұлтанда жеңіске жетсе, бір саты жоғарылауға мүмкіндігі бар.
Ал «Барыс» кейінгі екі кездесуінде жеңіске жетсе де, плэй-офф аймағына жеткен жоқ. Қазақстандық командаға әр матчта ұпай қажет.
«Барыс» – «Торпедо» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.