Нұр-Сұлтан -4.8°
24.11.2021, 13:25
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық қыздар теннистен Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық қыздар «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) жартылай финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстандық қыздар теннистен Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қыздар 2019 жылғы чемпиондық атағын сәтті қорғауда. Жарыстың екінші күні қазақстандық қыздар Малайзия құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Сабина Шухратова Адани Райнанға бірде-бір гейм берген жоқ. Ева Корышева да Дани Даниеланы оңай ұтты – 6:2, 6:3. Е.Корышева мен Эвелина Балаганская жұптық сында Абд Хазли – Умирахтан басым түсті – 6:2, 6:1. Топтық сындағы соңғы матчын қазақстандықтар Үндістанмен өткізеді. Жеңіліссіз келе жатқан қос команда да жартылай финалға жолдама алды. Енді қай жеңгені жартылай финалға бірінші орынмен шығады.

Алайда, қазақстандық ұлдар Таиланд құрамасынан жеңіліп қалды – 1:2. Әуелі Мадияр Тағыбеков Суратитотин Кан Тхатқа есе жіберді – 3:6, 2:6. Ярослав Пшеничный жекелей сында таразы басын теңестірді. Әйтсе де жұптық сында Я.Пшеничный мен М.Тағыбеков Кан Тхату мен Пнгайядан айласын асыра алмады – 5:7, 2:6.

Енді қазақстандық ұлдарға қалайда жартылай финалға шығу үшін Иордания құрамасын ұтуы керек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері