Нұр-Сұлтан -6.3°
24.11.2021, 12:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Трансұлттық бокс рейтингі кеңесінің (TBRB) тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең үздік боксшылар тізімінде позициясын жақсартты, деп хабарлады Elorda.Info.

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBO Global чемпиондық титулын қорғап қалған болатын. Қазақстан боксшысы осы жеңісі арқылы украиналық Сергей Деревянченконы TBRB рейтингінде бесінші орыннан сырғытты. Бұл тізімде бірінші орында IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) тұр.

TBRB рейтингіндегі орта салмақтағы боксшылар тізімі:

1. Геннадий Головкин;

2. Джермалл Чарло;

3. Деметриус Андраде;

4. Хайме Мунгия;

5. Жәнібек Әлімханұлы;

6. Сергей Деревянченко;

7. Кіші Крис Юбэнк;

8. Мацей Сулески;

9. Лиам Уильямс;

10. Феликс Кэш.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері