Нұр-Сұлтан
23.11.2021, 22:31
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» минскілік «Динамодан» басым түсті

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларустің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Elorda.info.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» минскілік «Динамодан» басым түсті

Қазақстандық хоккейшілер екі команда арасындағы соңғы үш кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойған болатын. Сондықтан «Барыс» сол кеткен есені қайтаруға тырысты. Оған қоса биыл елордалық клуб плей-офф сатысына шығу үшін күш салатыны белгілі еді.

Кездесуді айдын иелері белсенді бастады. Нәтижесінде 5-минутта Линден Вей «Барысты» алға шығарды. Одан кейін қазақстандық клуб өз қақпасына екі шайба жіберіп алды. «Динамо» сапынан Сергей Сапего 9, Тайлер Граовац 15-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде «Барыс» басымдығын арттырды. Осындай сәттердің бірінде Кертис Волк соққан шайбаны төрешілер есепке алған жоқ. Ал 36-минутта Никита Михайлис көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Негізгі кезең командалар 2:2 есебімен тең түсіп, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыс» басым түсті.

Енді «Барыс» 25 қарашада елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен өткізеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері