Нұр-Сұлтан -4.8°
23.11.2021, 15:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Барыс» бүгін «Динамо» командасымен кездеседі

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Беларусьтің «Динамо» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Барыс» бүгін «Динамо» командасымен кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қос команда бүгінге дейін 26 мәрте шеберлік байқасты. Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында беларусь клубының мерейі үстем болды. Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Ал «Динамо» соңғы алты кездесудің біреуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейде «Северсталь» командасына есе жіберді. Ал «Динамо» Ресейдің «Сибирь» командасынан жеңілді. Қазір «Барыс» 30 ойыннан кейін 26 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Динамо» 34 ұпаймен 14-орында тұр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері