Нұр-Сұлтан -0.1°
22.11.2021, 11:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Головкиннің міндетті қарсыласы анықталды

Орта салмақта Геннадий Головкинге тиесілі IBF чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Головкиннің міндетті қарсыласы анықталды

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао канадалық Патрис Вольниді жеңген соң чемпиондық атаққа үміткер атанды. Жекпе-жек Top Rank бокс кешінің аясында Лас-Вегаста өтті. Алтыншы раунда боксшылар соқтығысып, Фаькао ауыр жарақат алды. Нәтижесінше төрешілер жеңісті бразилиялық спортшыға берді. 

Айта кетейік дәл осы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы да кездесу өткізіп, бұрынғы чемпион Хассан Ндам Нжикамды жеңген еді.

Кештің басты жекпе-жегі Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер (31-3-1, 17) арасындағы кездесу болды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері