Нұр-Сұлтан -0.1°
22.11.2021, 09:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Каратэден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем біріншілігінің соңғы жарыс күнінде ел қоржынына үшінші медаль түсті, деп хабарлады Elorda.info

Каратэден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Командалық сында қазақстандықтар қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алған еді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан ерлер командасы Түркияны 3:1 есебімен ұтты.

Игорь Чихмарев қарсыласымен тең түсіп, Бейбарыс Жаңбырбай 1:2 есебімен ұтылды. Ал Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіқанов және Нұрнияз Елдашев қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионатында алғаш рет командалық жарыстан жүлде алды.

Еске сала кетейік, жекелей сында Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов қола жүлдегер атанған болатын.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері