Нұр-Сұлтан -4.2°
20.11.2021, 16:17
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жасыл алаңда – мәдениет саласының қызметкерлері

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет басқармасына қарасты мекемелер арасында шағын футболдан «Madeniet cup» турнирі өтті, деп хабарлады Elorda.Info.

Жасыл алаңда – мәдениет саласының қызметкерлері

«Астана-Арена» спорт кешенінде өткен турнирге 7 команда қатысты. Әр команда құрамында 10 адам (алаңда 5+1, қосымша 4 ойыншы) бар. Жарыс бағдарламасына сәйкес, топтық кезең мен ширек финалда бір тайм уақыты – 15 минут, тайм арасындағы үзіліс – 5 минут. Турнирге бір мекемеден тек бір команда ғана қатысатын болады.

Қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жаңабай Мейірманқұловтың айтуынша, турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, мәдениет саласы қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру.

«Бүгінгі турнир Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен үндеседі. Президент маңызды құжатта денсаулық кепілі – дене шынықтыру екеніне тоқталып, халықтың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екендігін атап айтқан болатын. Сондықтан спорттық шараға ведомство қарамағындағы мекемелер белсенді қатысуда», – деді Жаңабай Мейірманқұлов.

Тартысқа толы матчтардың қорытындысы төмендегідей:

I орын – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» командасы.

II орын – Еркеғали Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік филормония» командасы.

ІІІ орын – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Астаналық цирк» командасы.

Турнирде үздіктер қатарынан көрінген командалар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері