Нұр-Сұлтан -0.8°
18.11.2021, 14:45
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Рикардо Кака Димаштың тұсауын кесті

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака тұсаукесер шарасының құрметті қонағы болды, деп хабарлады Elorda.info.

Рикардо Кака Димаштың тұсауын кесті

Ол алматылық «Қайраттың» ойыншысы Біржан Оразовтың бір жасар ұлы Димаштың дәстүрлі тұсаукесер дәстүріне арнайы шақырылды.

Кака-дан басқа Оразовтардың отбасылық мерекесіне Біржанмен бірге өнер көрсететін – Игита және Дуглас та қатысқан.

“Біржан Оразовқа және оның серіктесіне сүйіспеншілік пен құрмет белгісі үшін, сондай-ақ керемет әрі бағалы сыйлық үшін рақмет. Сіздерге жарқын болашақ тілеймін”, – деп жазды жаттықтырушы өзінің Instagram парақшасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері