Нұр-Сұлтан -4.8°
18.11.2021, 13:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан садақ атудан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстан садақ атудан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Блоктық садақ атудан Қазақстан ерлер командасы құрлық додасының финалына шыққан болатын. Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев және Андрей Тютюн үштігі ақтық сында Оңтүстік Корея құрамасына бір ұпай айырмасымен ұтылды. 

Есеп - 235:236. 

Бұл Қазақстан еншісіндегі екінші медаль. Бұған дейін классикалық садақ атудан Қазақстан әйелдер командасы Азия біріншілігінің қола медалін ұтып алған еді

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері