Нұр-Сұлтан -4.8°
17.11.2021, 13:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Футболдан әлем чемпионатына тікелей жолдама алған құрамалар анықталды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына Еуропадан тікелей жолдама алған құрамалар толықтай белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info

Футболдан әлем чемпионатына тікелей жолдама алған құрамалар анықталды

Еуропа құрлығында 16 қарашада әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің топтық сатысы мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бақ сынаған D тобында сырт алаңда Франция Финляндияны, Украина Босния және Герцоговинаны 2:0 есебімен басым түсті. Аталған топта Франция 15 ұпай еншілесе, Украинада 12 ұпай бар. 

Ал Финляндия 12, Босния және Герцоговина 7 ұпайды місе тұтса, Қазақстан 3 ұпай алды. Ал Е тобында Бельгия Уэльспен 1:1 есебімен тең түссе, Чехия Латвияны 2:0 есебімен жеңді. 

Сондай-ақ, G тобында Нидерланды Норвегияны 2:0, Түркия Черногорияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алғашқы екі орын Нидерланд пен Түркияға бұйырды. Жарыс ережесі бойынша әрбір топтан бірінші орын алған құрамалар дүбірлі додаға тікелей жолдама алды. 

Айта кетерлігі, Германия мен Дания мұндай мүмкіндікке қазан айында қол жеткізіп қойған болатын. 

Ал қараша айында олардың қатарына Франция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария қосылды. Олардың қатарын ең соңынан Нидерланд толықтырды. Сондай-ақ, әлем чемпионаты финалдық сатысында алаң қожайыны – Қатар елі бақ сынайды. Ал Оңтүстік Америкадан Бразилия бірнеше тур бұрын дүбірлі додаға қатысатыны белгілі болды. 

Еуропа құрлығында әрбір топта екінші орын алған және Ұлттар лигасында үздік көрсеткішке ие болған екі құрама қосымша үш жолдаманы сарапқа салады. Қазір мұндай мүмкіндікке іріктеу кезеңінде өз топтарында екінші орын алған Португалия, Швеция, Италия, Украина, Уэльс, Шотландия, Түркия, Ресей, Польша, Солтүстік Македония мен Ұлттар лигасынан Аустрия мен Чехия қол жеткізді. 

Жарыстың аталған сатысының жеребесі 26 қарашада тартылады. Әрбір топтың жеңімпазы әлем чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері