Нұр-Сұлтан 15°
×
14.11.2021, 15:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Чехиялық бапкерлер қазақ футболшысынан айрылғысы келмейді

Прагалық «Салвия» командасы 18 жастағы Нұрдәулет Мырзабековті өз қатарына шақырмақ ниетте, деп хабарлады Elorda.info.

Чехиялық бапкерлер қазақ футболшысынан айрылғысы келмейді

Алматылық клуб түлегі биыл жазда Чехияға тіл үйренуге барып, «Славия U-19» командасында да бақылау матчына қатысқан. Қазақ футболшысы чехиялық бапкерлерге ұнап қалыпты. Бірақ елдегі трансферлік кезең жабылғандықтан, олар футболшыны өздеріне алып қала алмады.

Бұл ретте Нұрдәулетке Чехияның екінші лигасында ойнайтын «AБС Браник Прага» клубымен уақытша келісімшарт жасау ұсынылған. Қазір ол сол клубтың негізгі шабуылшысы. Алайда қысқы трансфер ашылысымен «Славияға» баруы мүмкін.

Айта кетсек, Нұрдәулет Мырзабеков алматылық «Алаш», «Аифа» және «Атлетик» командаларында ойнаған. Ал қазір оған «құда түсіп отырған» «Славия» командасы 14 матчта 35 ұпаймен Чехия чемпионатында көш бастап тұр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері