Нұр-Сұлтан 24.2°
×
10.11.2021, 09:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Футболдан ӘЧ-2022: Франция – Қазақстан матчының трансляциясын қайдан көруге болады?

13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні Парижде 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Франция мен Қазақстан құрамалары кездеседі, деп хабарлады Elorda.Info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Футболдан ӘЧ-2022: Франция – Қазақстан матчының трансляциясын қайдан көруге болады?

Бұл ойынның тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 01.45.

Еске салайық, Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы алғашқы матч биылғы наурыз айында Нұр-Сұлтанда өткен болатын. Бұл матчта француздар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Алты ойыннан кейін Франция құрамасы топта бірінші орында – 12 ұпай, ал Қазақстан соңғы, бесінші орында. Жеті ойыннан кейін 3 ұпайы бар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері