Нұр-Сұлтан 27.8°
×
10.11.2021, 09:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мәнерлеп сырғанаудан елорданың ашық чемпионаты өтеді

15-19 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан "Nur-Sultan Open" ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мәнерлеп сырғанаудан елорданың ашық чемпионаты өтеді

"Алау" мұз сарайында өтетін жарыстарға балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысады деп күтілуде. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Жарысқа елордалық мәнерлеп сырғанаушылар да, еліміздің басқа өңірлерінен келген жас спортшылар да қатысады. Бүгінде қаланың ашық чемпионатына қатысуға 300-ге жуық өтінім қабылданды.

Турнирдің ерекшелігі – жас конькимен жүгірушілердің өнерін алғаш рет жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайды.

Көрермендер мен жанкүйерлер Ashyq жүйесі арқылы кіреді. Сондай-ақ, чемпионат YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері