Нұр-Сұлтан 26.7°
×
09.11.2021, 09:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан – Тәжікстан матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан және Тәжікстан ұлттық құрамалары арасында болатын жолдастық матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан – Тәжікстан матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Еске сала кетейік, елорданың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан – Тәжікстан матчына Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Стадионға кіру үшін тек «жасыл» мәртебесі болуы тиіс.

Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы – елорда уақытымен 19:00-де.

Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Астана Арена» стадионының кассаларында билеттер сатылмайды. Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері