Нұр-Сұлтан 20.6°
×
08.11.2021, 10:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Боксшылар әлем чемпионатынан елге оралды

Бокстан Қазақстан құрамасын елордада жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды, деп хабарлады Elorda.info olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылар әлем чемпионатынан елге оралды
Фото: olympic.kz

Отандық былғары қолғап шеберлері Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатынан екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдемен елге оралды. 

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы медаль кестесінде екінші орынға жайғасты. 

Өз кезегінде бас бапкер құраманың нәтижесіне көңілі толатынын айтса, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар жанкүйерлер қолдауын ерекше сезінгенін жасырмады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері