Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатында финдік «Йокеритпен» кездеседі, деп хабарлайды Elorda.info.
«Барыс» - «Йокерит» матчының тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады. Бұл кездесуді «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
25 ойыннан кейін «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 23 ұпаймен жетінші орында келеді. Ал финдік команда 36 ұпаймен Батыста екінші орында келе жатыр.
«Барыс» соңғы матчында «Амурды» 1:0 есебімен жеңсе, ал «Йокерит» сырт алаңда «Сібірді» 2:0 есебімен тізе бүктірді.