Нұр-Сұлтан 16.1°
×
01.11.2021, 13:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ӘЧ: бүгін алты боксшымыз жекпе-жек өткізеді

Дүйсенбі, 1 қарашада бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстаннан алты боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Elorda.info.

ӘЧ: бүгін алты боксшымыз жекпе-жек өткізеді

Алты боксшының үшеуі күндізгі, үшеуі кешкі сессияда жекпе-жек өткізеді.

Күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) Поле Дамиан Дуркачпен жұдырықтасады. Ал Нұрқанат Райыс (75 келі) Ауғанстан өкілі Сулиман Аслиге қарсы шығады. Мұның бәрі 1/8 финалдағы жекпе-жектер. Күндізгі сессияның тікелей трансляциясы елорда уақытымен 18:00-де басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дипакпен кездеседі, Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) украиналық Денис Песоцкиймен кім мықтыны анықтайды. Ал венгриялық Пал Ковач (80 келі) Нұрбек Оралбайдың қарсыласы болады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы сапында үш боксшы – Бек Нұрмағанбет (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (+92 кг) әлем чемпионатымен қош айтысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері