Нұр-Сұлтан 28.4°
×
27.10.2021, 10:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2022 жылғы Олимпиада ойындары медальдарінің дизайны таныстырылды

XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті («Бейжің – 2022») көпшіліктің назарына ойындардың жүлдегерлеріне тағылатын медальдар дизайнын ұсынды, деп хабарлайды Elorda.Info «Бейжің – 2022» ұйымдастыру комитетінің сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы Олимпиада ойындары медальдарінің дизайны таныстырылды

Медальдің басты бетінде олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, спорт шарасының ағылшын тіліндегі толық атауы – XXIV «Olympic Winter Games Beijing – 2022» деп жазылған. Сондай-ақ, бұлт және қар ұшқындарымен өрнектелген.

Медаль бетінен аспан, жер және адам арасындағы үйлесімдікті бейнелейтін қытайлық дәстүрлі философияны білдірген бес шоғырлас сақинаны көруге болады.

Ал жүлденің реверсінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың эмблемасы мен ойындардың қытай тіліндегі атауы бар. Эмблеманың жан жағындағы сақиналарда есеп бойынша 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 24 нүкте ойылған.

Сондай-ақ, «Бейжің – 2022» ұйымдастыру комитеті Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін наградалар дизайнын да ұсынды.

Еске сала кетсек, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан күндері Қытайдың Бейжің қаласында өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері