Нұр-Сұлтан 16°
×
19.10.2021, 16:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Грекияда Олимпиада алауы жағылды

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылған бұл шара COVID-19 пандемиясына байланысты осымен екінші рет көрерменсіз өтті. Оған тек ресми тұлғалар – ел президенті Катерина Сакелларопулу, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах, Грекия Олимпиада комитетінің басшысы Спирос Капралос және тағы басқалары қатысты, деп хабарлайды Elorda.Info

Грекияда Олимпиада алауы жағылды

Алауды жағу рәсімі «YouTube» арнасынан көрсетілді. Олимпиада алауының шырағын бірінші болып тау шаңғышысы Иоаннис Антониу көтерді. Алау Ежелгі Олимпия стадионынан қазіргі заманғы Олимпиада ойындарының негізін қалаушы, француз бароны Пьер де Кубертен ескерткішіне дейін апарылды.

Бұдан кейін оны Афинаның Акрополіне апарып, Қытай делегациясына табысталды. Грекияда алау эстафетасы COVID-19 вирусына байланысты шектеуге байланысты өткізілмеді.

Айта кетерлігі, қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылғы 4-20 ақпан күндері аралығында өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері