Бүгін «Барыс» Минскте «Динамомен» ойнайды, деп хабарлайды Elorda.info.
Кейінгі 8 матчта жеңіске жеткен «Динамо» Батыс конференциясының турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал «Барыс» Шығыс конференциясында жетінші орында келеді.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. Дегенмен кейінгі екі ойында аталған қарсыласына есе жіберіп қойды.
«Динамо» (Минск) – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:10-да басталады.
Матчтың тікелей трансляциясы «Qazsport» телеарнасының эфирінен көрсетіледі