Нұр-Сұлтан 15.9°
×
18.10.2021, 14:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Футзалдан ЕУРО-2022: жеребе рәсімін қайдан көруге болады

Бүгін Нидерландта футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады, деп хабарлайды Elorda.info.

Футзалдан ЕУРО-2022: жеребе рәсімін қайдан көруге болады

Турнирде алғаш рет 12 емес, 16 ұлттық құрама бақ сынайды. Сонымен қатар, Еуро енді екі жылда емес, әр төрт жыл сайын өткізіледі.

Барлық қатысушылар УЕФА -ның ерлер арасындағы футзал рейтингі бойынша белгіленді. Қазақстан бірінші қоржынға түсті, онда рейтингі жоғары командалар, оның ішінде  қазіргі әлем чемпионы – Португалия бар.

«Qazsport» телеарнасы футзалдан 2022 жылғы УЕФА Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді.

Шара Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Нидерланды құрамасы турнирдің қожайыны ретінде Еуро-2022 финалына тікелей жолдама алды. Басқа қатысушы елдер – Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Хорватия, Финляндия, Грузия, Италия, Польша, Ресей, Словакия, Словения, Испания және Украина. Соңғы жолдаманы Сербия мен Беларусь 14-17 қараша аралығында сарапқа салады.

Әр топтан үздік шыққан екі команда ширек финалға өтеді. UEFA EURO-2022 додасы 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландтың Амстердам және Гронинген қалаларында өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері