Нұр-Сұлтан 10.1°
×
14.10.2021, 09:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Барыс» сырт алаңда «Авангардтан» жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасы матчында «Барыс» сырт алаңда Омбының «Авангард» командасымен ойнады, деп хабарлайды Elorda.info prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Барыс» сырт алаңда «Авангардтан» жеңілді
Фото: hcbarys.kz

Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Бояркин (Ортио) — Мартинссон-Диц, Асетов-Куник-Фрэттин; Альсинг-Шалапов, Михайлис-Волк-Лилья; Орехов-Данияр, Старченко-Зубов-Савицкий; Берглунд-Шестаков-Петухов, Мусоров-Қайыржан.

Алғашқы жиырма минутта шайба соғылған жоқ. Матчтың екінші бөлігінде «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы Корбан Найт есеп ашса, үзіліс алдында Алексей Емелин таблодағы көрсеткішті 2:0 қылды. 

Соңғы кезеңде елордалық команда қатарынан Никита Михайлэс есепті қысқартып, командаға үміт отын сыйлаған. Алайда, алаң иелері тағы екі шайба соғып, сенімді жеңіске жетті. Қорытынды есеп 4:1. 

15 қазанда «Барыс» қытайлық «Kunlun Red Star» командасымен ойнайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері