Есеп комитеті 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына аудит жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info.
“Қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізуде”, – делінген комитеттің Telegram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасының дайындық жұмыстарына ел бюджетінен 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мемлекет басшысы Ұлттық құраманың қорытынды нәтижесі – сегіз қола медаль және жалпы командалық есепте 83-ші орын Қазақстанның спорттық әлеуетіне және мемлекеттің спортты дамытуға қосқан елеулі қаражатына сәйкес келмейтінін мәлімдеген болатын.