×
30.09.2022, 15:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Төреғали Төреәлі қамауға алынды (ВИДЕО)

Төреғалидың үстінен Қылмыстық кодекстің 293 бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалған

Күні кеше ғана Көлсай көлі маңында гидті соққыға жыққан атышулы әнші Төреғали Төреәлі Талғардағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін әнші Талғардағы уақытша ұстау изоляторға жеткізілгені белгілі болды. Оның қамауға алынған сәтінен видео тарады.

Оқи отырыңыз:Төреғали Төреәлі гидті аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Еске сала кетейік, кеше танымал әншіден соққы алғанын айтып, маңдайынан қаны сорғалап аққан жігіттің видеосы тараған болатын. Кейіннен Алматы облысы Кеген ауданының полициясы әншінің үстінен тексерісті жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Төреғалидың үстінен Қылмыстық кодекстің 293 бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалған.

Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлінің үстінен полиция тексеріс бастады

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері