×
16.08.2022, 13:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Етегі ұзарды»: Атышулы әнші жеке өміріне қатысты құпияның шетін шығарды

Ашық-шашық образдарымен елдің қызу талқысына түскен Кәмшат Жолдыбаеваның киім кию стилі өзгере бастаған сыңайлы. Актрисаның желідегі оқырмандары оның киіну стилінің өзгергенін байқаған, деп хабарлады Elorda.info.

«Етегі ұзарды»: Атышулы әнші жеке өміріне қатысты құпияның шетін шығарды
Фото: ашық дереккөзден

Жеке өмірін кейінге ысырып, мансабын бірінші орынға қойған актриса желіні шулатты. Оқырмандары Жолдыбаеваның ақ келін атанатын күні алыс емес деп болжап отыр. Өзіне қатысты теріс пікірлерге назар аудармайтын Жолдыбаева соңғы уақытта жабық киінуге көшкен. Оқырмандар бұл жаңалықты жақсылыққа жорыды.

«Жабық көйлек жарасып тұр», «Осы қызды жабық киіндірген жігіттен айналайын», «Некелестіңдер-ау деймін, бақытты болыңдар», «Кәмшаттың жігіті пайда болған сияқты», «Етегі ұзарды», «Орамал тағатын күнді нәсіп етсін», - деп жазды желі қолданушылары.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері