Әлеуметтік желілерде бейтаныс жігіттің белгілі әнші әрі театр актрисасы Айгүл Иманбаеваны көтеріп алған видеосы тарады, деп хабарлады Elorda.info.
Әншінің оқырмандары оған бақыт тілеп, ыстық ықыласын білдіріп жатты.
Иманбаева жас жігітпен саябақта серуендеп жүрген. Бейтаныс жігіт әншінің белінен қапсыра құшақтап, көтеріп алған.
«Бақытты болуға сіз де лайықтысыз», «Бақытты болыңыз», «Көп күттік қой», «Әйел бақытын тілейміз!». «Жарасымды», «Керемет, жарайсың!», - деп жазып жатты желі қолданушылары.