Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 16:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Ресейлік танымал әнші – «Шоколадный заяц» қайтыс болды (ВИДЕО)

Ресейлік танымал әнші Пьер Нарцисс 45 жасында өмірден озды. Қайғылы хабарды әлеуметтік желіде әртістің қызы жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Ресейлік танымал әнші – «Шоколадный заяц» қайтыс болды (ВИДЕО)
Фото: Фото: Global Look Press.

Әкешім барлығы үшін рахмет. Енді әркез қасымнан табылмайтыны өкінішті. Бірақ кейінгі өміріңізде де, жұмақта да, сізде бәрі жақсы болады деп үміттенемін, - деп жазды әншінің қызы Каролина-Кристель Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Пьер Нарцисс 1977 жылы Камерунда дүниеге келген. Кейін Ресейге қоныс аударған. Өнер иесі әнші ретінде «Фабрика звезд» атты музыкалық жобадан кейін танымал бола бастады. Оны жұлдыз еткен хит әні – «Шоколадный заяц».

Әншінің неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері