Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 14:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Бұрынғыдай емеспіз»: Бағлан Әбдірайымов өзінің қартайып кеткенін мойындады

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов өзінің бет-әлпеті мен түр-тұлғасына сын айтқан адамдарға Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

«Бұрынғыдай емеспіз»: Бағлан Әбдірайымов өзінің қартайып кеткенін мойындады
Фото: ашық дереккөзден

«Аға, қартайыпсыз, бұрынғыдай емессіз» дейтіндер баршылық. Жалмауыз емеспіз ғой. Әрине жас кездегі жалындаған бейне жанкүйерлердің санасында қалып қойған. Бетті тартпай, көзді ашпай, әжімді жинамай, безеудің үңгірін қаз-қалпында ұстап жүрміз. Не нәрсенің болсын «оригиналы» жақсы емес пе? Бәрі өз уағымен. Жасандылық жоқ. Өмір тамаша! Әр күнің Алланың берген сыйы ғой, - деп жазды ол.

Әншінің оқырмандары оған қолдау білдіріп, тіпті, кейбірі әртістің мүлдем қартаймағанын айтып жатыр.

«Жігіттердің ішіндегі ең сұлтаны өзіңсің-Бағлан!», «Иә орынды. Әр нәрсе өз орнымен», «Қанша адам болса, сонша ой, сонша пікір», «Сен өз қатарыңнан жас көрінесің», «Бастысы жүрегіңіз қартаймасын», - деп жазды желі қолданушылары.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері