Нұр-Сұлтан 18.6°
×
29.12.2021, 10:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тәуекел Мүсілім: Баламның жөргегін өзім ауыстырамын (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім отбасылық өмірі туралы «Таңшолпан» бағдарламасында сыр шертті. Өнер иесі бар бос уақытын отбасына арнайтынын айтты. Келіншегіне бала қарасып, барынша көмектеседі екен. Сөзіне сенсек, тіпті, ұлының жөргегін де өзі ауыстыратын көрінеді, деп жазды Elorda.info.

Өнер иесі кішкентайынан әйелдердің ортасында өскендіктен, нәзік жандылардың қадірін жақсы түсінетінін айтты. Сондықтан ол келіншегіне барынша көмектесуге тырысып жүргенін жеткізді.

Бәріне көмектесемін. Памперсін, киімін ауыстырамын. Тамағын беремін. Махаббат үлгермей жатқан жерде әрдайым көмектесуге тырысамын. Қазірден бастап балаға көңіл бөлсем, бала оны сезінеді деп ойлаймын, - деді Тәуекел Мүсілім.

Тәуекел Мүсілім өзі әкесіз өскендіктен әрдайым ұлының қасында болғысы келетінін алға тартты.

Өзім әкесіз өскендіктен, әкенің тәрбиесін көрмегендіктен, «әке» деген сөз мен үшін маңызды. Өзім көрмеген, сезіне алмаған нәрсенің бәрін ұлыма бергім келеді. Әрдайым қасында болғым келеді. Қолдау білдіріп, көрсетіп, қиын сәттерде қасында болғым келеді. Бәрі алда әлі. Ертең сәл өссін, жүрген соң, өзіммен бірге алып жүремін. Тауға, спортқа апарамын. Толыққанды өзім тәрбиелегім келеді, - деді актер.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері