×
17.03.2023, 20:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Путин шақырған: ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресейге барады

Мемлекеттік сапар 20-22 наурызға жоспарланған

Путин шақырған: ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресейге барады
Фото: AP Photo/Pavel Golovkin/Pool

Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге барады, деп хабарлады Elorda.info

Мемлекеттік сапар 20-22 наурызға жоспарланған. 

Келіссөз барысында Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты серіктестік пен стратегиялық қарым-қатынасты дамыту мәселелері қаралады, – делінген хабарламада. 

Кремль баспасөз қызметі халықаралық аренадағы Ресей-Қытай серіктестігін дамыту бойынша ойталқы да жоспарланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ екіжақты маңызды құжаттарға қол қойылады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері