Elorda.info

Қазақстан және Еуропалық одақ шикізат саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Кездесуде еліміздің Еуропалық одақпен дипломатиялық байланысты орнатқанына 30 жыл толғаны атап өтілді

Қазақстан және Еуропалық одақ шикізат саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Қазақстан мен Еуропалық одақтың ресми өкілдері кездесіп, тараптар аса маңызды шикізат пен аккумулятор батареялары және жасыл сутегі саласындағы әріптестікті нығайтудың мәселелерін талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Шетелдік делегацияның құрамы Еуропалық комиссияның өнеркәсіп, энергетика жөніндегі бас директорат пен Еуропалық одақтың еліміздегі өкілдерінен тұрады.

Бұл кездесуде екі жақ аса қажетті шикізаттың, аккумулятор батареяларының және жасыл сутегінің құн тізбегіне байланысты стратегиялық әріптестік туралы меморандум шеңберінде әзірленіп жатқан Жол картасының мазмұнын қарастырды. Аталған меморандумға былтыр қазан айында СОР27 саммиті аясында қол қойылған болатын.

Осы Жол картасының жобасында шикізат пен қалдықтарды өңдеу, ТМТ-ді әзірлеу (техногенді минералды түзілімдер), «жасыл» стандарттарға көшу, сондай-ақ зерттеулер мен біліктілікті арттыру салаларында екіжақты әріптестікті нығайту жөніндегі іс-шаралар қамтылған.

Тұтастай алғанда, аталған құжат өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланыстарды ұйымдастырып, аса маңызды шикізат саласындағы заңнаманы үйлестіру мен техникалық көмек көрсетуге және Еуроодақтан Қазақстанға озық технологияларды трансферттеуге бағытталғанын айта кеткен орынды. 

Кездесудің соңында еліміздің Еуропалық одақпен дипломатиялық байланысты орнатқанына 30 жыл толғаны атап өтіліп, тараптар бұл бағыттағы интеграциялық процестерді бекемдей түсуге ниетті екендерін жеткізді.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Саясат