×
01.12.2022, 09:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тоқаев Қытай халқына көңіл айтты

Тоқаев Қытай халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь мырзаның өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Цзянь Цзэминьді Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті ретінде жақсы білеміз. Екі ел арасындағы берік достықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан тұлға ретінде оның жарқын бейнесін халықтарымыз жадында мəңгі сақтайды, – деп жазылған жеделхатта.

Президент жеделхатта Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Қытай халқына көңіл айтты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері