×
29.11.2022, 08:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мемлекет басшысы ресми сапармен Францияға барды (ВИДЕО)

Президент іскер топтар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді

Мемлекет басшысы ресми сапармен Францияға барды (ВИДЕО)
фото: видеодан алынған кадр

Президент Францияға ресми сапармен барды, деп хабарлады Elorda.info БОРТ№1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері