Elorda.info

ОСК Сенат сайлауын өткізу кестесін бекітті

13 қаңтар – тыныштық күні

ОСК Сенат сайлауын өткізу кестесін бекітті

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 қаңтарға белгіленген Сенат сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбесін бекітті, деп хабарлады Elorda.info.

Сенат депутаттарының сайлауы 2023 жылы 14 қаңтарда өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, кандидаттарды ұсыну 29 қарашадан басталып, 14 желтоқсанда сағат 18:00-де аяқталады.

Депутаттыққа үміткерлерді тіркеу барлық қажетті құжат алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне 20 күн қалғанда аяқталады. Яғни 29 қарашада басталып, 24 желтоқсан 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 24 желтоқсан 18.00-де басталады, 13 қаңтарда 00.00-де аяқталады.

13 қаңтар – тыныштық күні.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Саясат