Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар мемлекеттік органның басшылары қайта тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент Жарлығымен:
- Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына;
- Олжас Абайұлы Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына;
- Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына;
- Сәкен Сайынұлы Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына;
- Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына;
- Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Президентінің Іс басқарушысы лауазымына;
- Әсет Арманұлы Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына;
- Марат Талғатұлы Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды.