×
23.11.2022, 15:31
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Парламент сайлауының қашан өтетіні белгілі болды

Сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады

Парламент сайлауының қашан өтетіні белгілі болды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент сайлауының өтетін мерзімін атады, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, Парламент сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Е.Қошанов бұл туралы толығырақ Президент жариялайтынын айтты.

Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Мұны Президент жариялайды. Әрине, сол сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент сайлауды қашан жариялайтынын күту керек, - деді Мәжіліс спикері.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері