Мамандығы - тарихшы
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дмитрий Легкий ант берді, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін, - деді Дмитрий Легкий.
Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында Дмитрий Легкий Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.