Elorda.info

Министрлер рейтингі: кім көп тіл біледі

Қазір Қазақстанда 19 министрлік бар

Министрлер рейтингі: кім көп тіл біледі

Қазақстандағы 19 министрдің екеуі мемлекеттік тілді, жетеуі ағылшын тілін білмейді, деп хабарлады Elorda.info.

Ranking.kz компаниясы зерттеу жүргізіп, оның аясында тіл меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан министрлерінің рейтингін түзді.

Биыл Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде – қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.

Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алды: әрқайсысы бес тілде сөйлейді.

Үздік үштікті Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жапты: әрқайсысы төрт тілде сөйлейді.

Ескерту: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төрт тілді меңгергенімен, олардың арасында қазақ тілі жоқ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де мемлекеттік тілді білмейді.

Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Саясат